МЕДРЕСЕ ШӘКІРТІ БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАДЫ (ВИДЕО)
МЕДРЕСЕ ШӘКІРТІ БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ҚЫЗДЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАДЫ (ВИДЕО)

Тараз қаласында бесінші қабаттан секірмек болған студент қызды медресе шәкірті ажалдан арашалады. Дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған.

«Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған. Қайта керісінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимараттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді. Тек келіссөзге медресе шәкірті кіріскенде ғана өмірден баз кешкен 19 жастағы қыз сабырға келгендей көрінеді.+

Осы сәтті тиімді пайдаланған дін жолындағы азамат оны шап беріп ұстап алған. Медицина  колледжінің төртінші курс студентінің мұндай қадамға не үшін барғаны қазір анықталуда. Ел арасында Арайлым Өмірзақ өгей әкесімен ренжіскен немесе жігітімен ұрысып қалған деген болжам айтылуда.

Ал, оны ажалдан арашалап қалған азаматқа жұрт тік тұрып қошемет көрсетті. Мойынқұм ауданының тұрғыны Ұзақбай Медетбайұлы қазіргі таңда Тараз қаласындағы медресесінде білім алып жүрген. «Алладан дұға қылдық. Жайлап арғы жағынан көрінбей келіп бас салып ұстадым. Алланың қалауымен ғой», – дейді Ұзақбай өзінің бұл ерлігі жайында.

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3196
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11