Кази Маннан есімді пәкістандық мұсылман тележаңалықтардың қаһарманына айналды. Оның мұнша танымал болуына өзінің ашқан мейрамханасында күніне қаншама үй-күйсіз жүрген кедейлерді тегін тамақтандыратыны себеп болды. Қожайын: «Біздің мейрамхана өзіне тамақ алуға жағдайы келмейтіндірге кез-келген күні, кез-келген уақытта қызмет көрсетеді, себебі бұл адамдар мен үшін ең маңызды қонақтар» ,- дейді. Маннанның айтуынша оның мейрамхана ашуына өзінің өткен балалаық шағы септігін тигізген. Ол Пәкістандағы жағдайы жоқ отбасылардың бірінде туған. «Біздің кезімізде су да, тоқ көзі де болмады. Тіпті, білім алар ордамызда болмады, талдың түбінде ашық далада отырып оқыдық», - дейді ол. Ал қазір ол Вашингтондағы мейрамхана қожайыны, кәсібі өрге домалағандардың бірі.
http://ihsan.kz/