Mukan Isahan: Еліміздегі мұсылман қауымы: діни ағымдар мен бағыттар
Mukan Isahan: Еліміздегі мұсылман қауымы: діни ағымдар мен бағыттар
Орталық Азияда Қазақстан мен Қырғызстан діни плюрализмге мейлінше мүмкіндік берген мемлекеттердің қатарына кіреді. Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан секілді өзге мемлекеттер қазақ пен қырғызға қарағанда діннің дамуына біржақты шектеу енгізген. Тіпті, секуляризм белгілері басым десек те болады.
Қазақстандағы діни жағдай бір қарағанда тұрақты дамып келе жатқан секілді болып көрінгенмен, шиеленісті мәселелер жоқ емес, жеткілікті деп айтуға негіз бар. Мысалы, еліміздегі мұсылман қауымының ішінде көптеген діни ағымдар мен бағыттардың өкілдері қызмет етуде. Бір Түркияның өзінен Дианет өкілдерінен бөлек сүлейменшілер, нұршылар, топбасшылар, исмайл аға, ышыкшылар, мәнзил, хизмет қозғалысы секілді діни ағымдар белсенді жұмыс істейді. Олардың кейбірі еліміздегі белгілі бір салалардың дамуына өз үлестерін қосып жатса, кейбірі қазақ жастарын архаикаға әуестендіруде. Сондай-ақ, Үндістан мен Пәкістаннан тәблиғшылдар мен Деобанд өкілдері, Ауғанстаннан Файзани (қадари зікіршілері) мүриттері, Мысырдан хабашилер мен Александрия салафилері, Саудиядан сурури-ихуандар мен мадхалшылдар, Йеменнен хаддадилер, Ливаннан ихуан-муслимин, Қырғызстаннан хутор (шәзили) жамағаты, түбі Палестинадан шыққан хизбут-тахрир, Одан бөлек Еуропалық құраншылдар, Түркиялық құраншылдар, араб уасатишілдері, Ресей-татар бағыты, Өзбестандық дәстүрлі Бұқара мектебі, Шешен-ингуштардың қадария бағыты, Қытайдан басқыратылатын дүнгендік қадария бағыты, өз елімізден шыққан Ата жолы, Алла аят оккульттік мистикалық ағымдар, Құрбанәлі жамағаты мен Құш ата сопылары болып мұсылман қауымын түрлі-түсті реңкке бөлеуде.
Негізінен теолог-сарапшылар аталған ағымдардың қайсысы сыртқы күштердің проектісі, қайсысы ақ жарма пейілде екенін анықтаумен шұғылданады. Оның біршамасын осы күнге дейін анықталып, көпшілікке белгілі болды. Иә, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болуы үшін діни ахуалды жіті назарда ұстауға міндеттеміз. Дін саласы қанша күрделі болса, оны реттеуге де соншалықты көңіл бөлінеді. Өзгерістер осының көрінісі...
ДәуренДәурен
3 жыл бұрын 2051
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11