Өзін соттамақ болғандардың өзін соттатып тынды
Өзін соттамақ болғандардың өзін соттатып тынды

Бұл - 1991 жылы «есірткімен айналысты» деген айыппен АҚШ-тың екі бірдей штатында (Нью-Йорк пен Нью-Джерси) өмір бойына түрмеде отыруға қатаң жаза шығарылған Исаак Райт деген америкалық азамат.

Сот отырысында полиция қызметкерлері мен округтік прокурор сот төрағасын Исаактың "есірткі саудалайтын топтың басшысы" болғанына сендіріп, дәлелдеп шығуға бар күшін салған. Райт болса түрлі дәлелдемелер келтіріп, кей ретте қарама-қарсы аргументтерді алға тарта отырып.., аппеляцияға дейінгі сот отырысын 5 жылға дейін созады.

Осы уақыт аралығында ол юриспруденциямен тиянақты түрде айналысып.., өзін ақтауға берілген соңғы мүмкіндік - аппеляциялық отырыста өзіне өзі қорғаушы болады.

О, тоба! Исаак өзін-өзі сауатты қорғағаны соншалық, аппеляциялық отырыста:

1) Бұрынғы полисмен Джеймс Дуганды кезінде жалған есеп бергенін мойындатады;
2) Өзін соттату үшін жалған айып тағып, барлық қылмыстық істі ұйымдастырушыны анықтайды және Николас Биссель деген округтік прокурордың өмірі мен карьерасын күл талқан етеді;
3) Бисселдің осы іске жалған куәгер болу үшін шын есірткі саудагерлерін "бостандыққа шығуға көмектесемін" деген уәдемен өтірік куә болуға көндіргенін дәлелдеп шығады.

Аппеляциялық сот отырысы жылдан аса уақытқа созылып, 7 жылдан кейін Исаак Райт бостандыққа шықты.

Одан кейін не болды? Исаакқа өмір бойы сотталу үкімін шығарған сот төрағасы парамен ұсталып, өзі сотталып кетеді. Әлгі прокурор құқық қорғау органдарынан қашып жүріп.., Лас-Вегастағы бір қонақүйде есігін полицейлер бұзбақ болған кезде атылып өледі.... . ...

Исаак Райт осынша уақыт түрмеде отқан кезінде өзімен бірге камералас болған 20 адамның бостандыққа шығуына себепкер болған. 2007 жылы ол заң факультетін бітіріп, келер жылы қорғаушылар коллегиясына мүше болады. 2017 жылдан бастап Райтқа қылмыстық істерге қорғаушылық ету құқығы берілді.

ДәуренДәурен
6 жыл бұрын 3015
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11