Пентагон туралы сіз білмейтін деректер
Пентагон туралы сіз білмейтін деректер

АҚШ-тың ең беделді әрі керемет салынған сәулет туындысы – Пентагон туралы осының алдындағы ақпаратта жазғанбыз. Ағылшындардың әскери жанрда түсірілген қандай киносын алсаңыз да Пентагон сөз болады, тіпті, оны алынбайтын қамал қылып көрсетеді. Ендеше, алынбайтын қамал типті ғимарат туралы тағы да деректер келтіреміз. 

 

1. Жөндеу жұмыстары 

Айтсақ сенбейтін де шығарсыз, бірақ, Пентагон құрылысы бітіп өзінің есігін 1943 жылы ашқаннан бері бір-ақ рет жөндеу жұмысын жасаған. Ең қызығы, қайта жөндеу жұмыстары бір-ақ рет болғанымен, оған 17 жыл кеткен. Ал 17 жыл ішіндегі жөндеу жұмысына 4,5 миллиард доллар шығын кеткен. 

 

2. Бес-ақ қабат 

Пентагонның биіктігі бес қабатты үймен бірдей. Жалпы қабаттар саны да бесеу. Бұл керемет құрылыс түрі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде салынғандықтан, құрылысқа кететін болат көлемін соғысқа жіберген. 

 

3. Пентагонда лифт жоқ 

Бәлкім, сенбейтін де шығарсыз, бірақ, АҚШ бас-штаб пәтерінің ішінде лифт жоқ. Оған себеп, алдыңғы мәліметте келтіргеніміздей, лифт құрылысына кететін болат өнімдерін соғысқа жіберген. 

 

4. Пентагон салынып біту жағынан рекорд орнатқан 

Пентагонның қасына барып қарасаңыз, оның қандай алып ғимарат екенін көресіз. Тіпті, іштей бұл құрылысқа кем дегенде 15-20 жыл кеткен болар деп ойлайсыз. Бірақ, генерал Р.Гровус, ғимараттың құрылысын екі-ақ жылда салып шыққан. 

 

5. Әжетханасы көп 

Пентагонның ішінде қызметкерлердің кабинетімен қатар әжетханалары да көп. Тіпті, өте көп. Себебі, ол кезде ақ және қара нәсілділер болып бөлінгендіктен екі нәсілдегі адамдардың өздеріне арналған әжетханалары болған. 

Massaget.kz 

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 3387
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11