Пернетақта арқылы жылдам жұмыс істеуді білесіз бе? (нұсқаулық)
Пернетақта арқылы жылдам жұмыс істеуді білесіз бе? (нұсқаулық)

Барлығымыз да компьютерді шемішкеше шағамыз деп ойлаймыз. Тіпті, қазіргі қоғамда компьютер пайдалана алмайтын адам бар дегенге сенгіміз де келмейді. Windows болса да «Maкинтош» болса да барлығын білетін секілді боламыз. Алайда, көбіміз оның құйтырқылықтарын әлі де толық меңгермегеніміз анық, деп жазады Baq.kz тілшісі. 

Тіпті, қарапайым ғана пернетақтаның артықшылығын біле бермейтініміз жасырын емес. Әрине, ctrl+c и ctrl+v арқылы не істеу керектігін білетін боларсыздар деп ойлаймын.

Ал сіздер пернетақтаның көмегімен жүзеге асатын бірнеше әрекеттің (шорт-каттың) компьютермен жұмыс істеуді біршама жеңілдететін білесіздер ме? Біздің қазір сіздерге көрсететін әрекетіміздің тиімділігін кез келген программист растайды.

Сонымен біз сіздерге пернетақтаның көмегімен жылдам жүзеге асырылатын бірнеше әрекетті ұсынып көрейік:

1.Компьютеріңізді қалай жылдам бұғаттауға болады?

компьютер

Жеке чаттағы әңгімеңізді немесе өзіңіз ғана көргіңіз келетін «құпия» мәліметті бастығыңыздың байқап қалғанын қаламайтыныңыз анық. Тіпті, бір шыны шәй ішуге шыққанда басқа біреудің мониторыңызға үңілгенін құп көрмейсіз ғой. Олай болса;

Windows құрылғысын пайдаланатындар – «Пуск» (төменде сол жақта екінші) + L

«Mac» құрылғысындағылар - Cmd + Alt + Eject.

2. Абайсызда өшіріп алған бетті қалай қалпына келтіруге болады?

Кейде абайсызда браузердегі бетті өшіріп алатын немесе интернет желісіндегі «беттер тарихын» жоғалтып алатын кездер болады. Сосын оны қайтадан гугл арқылы іздеп, жаңағы ақпаратты қайта қалпына келтіріп отырасыз. Алайда, біз ұсынатын әрекет арқылы оны бірден қалпына келтіруге болады.

Windows құрылғысын пайдаланатындар – Ctrl + Shift + T

«Mac» құрылғысындағылар – Command + Z (Safari) және Ctrl + Shift + T (Google Chrome үшін)

3. Компьютеріңіз «қатып қалса» не істеу керек?

компьютер

Компьютеріңіздің «миы» толып, кейде шамалы жұмыс істейін десеңіз «қатып қала» беретіні болады. Әсіресе, Photoshopпен жұмыс істеген кезде бұндай жағдай жиі болады. «Қатып» қалған компьютермен ештеңе істей алмай, жүйкеңіз жұқарады. Мұндайда бәріміз де Ctrl + Alt + Del-ді басып, компьютерімізді қайта жүктеуге қоятынымыз бар. Бірақ, бұл тиімді шешім емес. Сондықтан, мұндай «қатқан» компьютерді «жібітудің» бір-ақ жолы;

Windows құрылғысын пайдаланатындар – Ctrl + Shift + Esc

«Mac» құрылғысындағылар - Cmd + Option + Shift + Esc.

3 секунд күте алсаңыз болғаны, «қатып қалған» бағдарлама ғана жабылады да, сіз қалған жұмысыңызды жалғастыра бересіз. Ешқандай құжаттарыңызды, ешқандай мәлметтеріңізді жоғалтып аламын деп уайымдамасаңыз да болады.

Айтпақшы «Mac» құрылғысы бойынша түсінбей қалсаңыздар мына суретке назар аударуларыңызға болады.

компьютер

4. Жұмыс терезеңізді тез аустыруды меңгеріңіз

Сіз әлі де жұмыс істеп отырған терезеден басқа терезеге аусу үшін тышқанның көмегіне жүгініп жүрсіз бе? Онда шынымен әлі де біраз компьютердің қыр-сырын меңгергеніңіз абзал.

Windows құрылғысын пайдаланатындар – Alt+Tab

«Mac» құрылғысындағылар - Cmd + Tab

5. Жұмыс істеп отырған терезеңіздің сілтемесін (адрес) жылдам сақтау

Тәжірибеде көрсеткендей, бұл әрекет сіздің уақытыңызды барынша үнемдейтініне кепілдік беремін.

Windows құрылғысын пайдаланатындар – Alt + D

«Mac» құрылғысындағылар - Cmd + L

6. Бастығыңыз артыңыздан қарап тұрған сәтте

Кейде жалқаулығыңыз ұстап, жұмысқа деген зауқыңыз соқпай, өзіңіз қалаған сайттан қалаған мақалаңызды оқып отыратын кездер болады. Онымен қоса бірнеше онлайн ойындардың да парақшалары ашық тұрады. Кенет артыңызда бастығыңыз тұрғанын байқап қалдыңыз. Осы сәтте мына әрекеттерді жасау арқылы сіз мониторыңызда Word немесе Excel арқылы жасап отырған жұмысыңызға бірден ауыса қоясыз:

Windows құрылғысын пайдаланатындар – «Пуск» + D

«Mac» құрылғысындағылар - Fn + F11

7. Барлық экранды емес тек қана керек мәліметтің ғана скриншотын қалай жасау керек

Кейде ғаламтордан жүктелмейтін суреттер немесе керек болған деректердің түпнұсқасын сақтау үшін Windows құрылғысын пайдаланатындар «Print Screen»-ті басып, бүкіл экранды скриншот жасайды. Скриншот жасалған ақпаратты қайтадан қиып, өзіңізге керегін алу үшін ұзақ уақыт жұмсайтын едіңіз. Ал енді мына әрекетті жасау арқылы өзіңізге керекті мәліметтің ғана скриншотын жасай аласыз:

Windows құрылғысын пайдаланатындар – Alt + Print Screen

«Mac» құрылғысындағылар - Cmd + Shift + 3 

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3061
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11