Қазіргі таңда барлық мекемелерде қағыз басып шығаратын принтерлер күн-түн демей жұмыс істейді. Ал арнайы зерттеу жүргізген австралиялық ғалымдар аталмыш құрылғыны ең қауіпті құрылғы деп жариялапты.
Принтер бояудың кішкентай бөліктерін ауаға шығарады. Ал ол зат адам үшін у болып саналатын қауіпті заттардың қатарында. Бұл химиялық қауіпті зат адамның бойында демікпеден бастап онкологиялық ауруға дейін тудыруы мүмкін.
Принтерлер негізінен екі түрге бөлінеді: бүріккіш және лазерлік. Алғашқысы қағаз бетіне бейнелерді ыдыраты бейнелейтін бояу сұйықтығымен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда сия тереңге сіңіп кеткендіктен ауаға жайылмайды. Сондықтан дәрігерлердің мұндай принтерге тағар айыбы жоқ.
Ал лазерлік принтерлерде майда дисперсті ұнтақ бар. Басып шығару басталған мезетте электр қуаты көп берілген жабдық барабанның жоғарғы қабатын кері зарядпен дайындайды. Сосын лазерлі сәуле әртүрлі аймақтарда зарядты бейтараптандырып, барабанда керекті картина пайда болады. Осыдан соң дәл сол орынға тонердің оң зарядты бөліктері жабысады. Басып шығару кезінде мұндай принтерлерде өте ыстық температура орнайды.
Осылайша принтер сапалы бола бастаған сияқты зиянды да бола түседі. Себебі принтер жұмыс істеп тұрған кезде оның қасында көзге көрінбейтін улы бұлт түзіледі. Ол шаң адам организміне еніп кетсе адамның ішек және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына әкеліп соғып, денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.
http://stan.kz