Қанатжан Әлібеков - биологиялық қару авторларының бірі, биологиялық қаруға қарсы күрескер
Қанатжан Әлібеков - биологиялық қару авторларының бірі, биологиялық қаруға қарсы күрескер

Қанатжан Әлібеков болған биологиялық соғыстың маманы, кезінде дүркіреп тұрған Кеңес Одағының бұқаралық биологиялық қаруларды дамыту программасында бетке ұстар алып мамандарының бірі болған. Қазір болса аты-жөнін Кен Алибек деген лақап атқа өзгертіп, елімізден алыс жерге қоныс тепкен.
Жас Әлібеков есімін өзгертпей тұрғанда, жоғарғы мансапты офицер болатұғын. Милиция қызметкерінің баласы Қанатжан 15 жасында мектептегі оқуын үзеді. Медициналық мамандық мектебіне түсіп, бұл оқу орнын өте жақсы дәрежемен бітіреді. Таңғаларлық жайт болмаса керек, оның мамандық саласы жұқпалы аурулардың жайылуы еді. Оның сібір обасы жайлы зерттеулерін бастамастан үш жыл бұрын, Совет өкіметі биоқару зерттеулерін тоқтату сөз берген-тұғын. Бұл барып тұрған өтірік еді.       
Шіркін, шетте жүрсе де қазақтың ғалымы екенін бөтен елге танытып жүр. Оның зерттеп дамытқан жұмыстарына байланысты оны сырттағы елдер - Иоан Інжілінде жазылған қиямет күнінде оба нәлетін әкелетін Қияметқайынның Үшінші Сарбазы деген лақап таққан. Қазіргі із суытушылар оның дамытқан қаруымен Американы шулатқан апат арасында байланыс бар-жоғын зерттеуде. Өткен нәрсені қозғамаған жөн-ақ. АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастағанда Эйнштейн өкінгендігін айтқан еді, сол секілді Әлібек ағамыз да: "Біз бұл қаруды дамытқанда мақтаныш тұтып едік. Дамыту үшін қаншама ұйқысыз түндер өткізіп едім. Қазір мен өкініп отырмын, бірақ мен өзімді қылмыскер сезінбеймін", - дейді.
Көшіруін көшіріп алып, өздерінін пайдасы үшін қолданып, кейінірек оның өзін сынайтын Батыс елдерінің нақты пейілдерін ұққан шығарсыз!
Оның дамытқан обасы - табиғатта кездесетін оба вирусіне қарағанда 4 есе күшті болған сібір обасының бір түрі. Үш баланың әкесі болған, Қазақстанда туып-өскен ғалым ағамыздың зерттеу жұмыстары дүниенің қандай қатер алдында тұрғанын көрсеткен. Қырғиқабақ соғысы кезеңінде, 1972 жылы әскери мақсатта биологиялық заттарды дамытуға, өндіруге немесе сақтауға тыйым салатын "Дүниежүзілік биологиялық қарулар жайындағы Конвенциясына" Кеңес Одағы да қосылған. Ал, 3 жыл өткен соң, Әлібек құпия түрде жасалған "Биопрепарат" программасын дамытуға қатысқан. Бұл программада оның белсенділік танытқаны соншалықты, полковник атағын алып, лауазымы командада екінші адамға шейін өскен.
Оның жұмыстарының жеміс бере бастаған кезі еді. Мына суреттегі екі әріптес КСРО-дағы Шықани әскери базасында жүргізілген зерттеулерін қоянға сынап жатыр.
"Бұл программаның арқасында Батыс елдеріне қарсы қолдануға дайын сібір обасының, оспаның, басқа да күшті биологиялық қарулардың жүздеген тоннасын сақтауда болатын. Біздің лаборатиямызда жетілдірілген қарулар қырғиқабақ соғыс кезеңінің құпиясы ретінде сақталды" - деп еске түсіреді Әлібек ағамыз.
Коммунистік режимнің құлдырауы кезінде, сексенші жылдардың соңын ала, «Биопрепаратқа» қатысқан ғалымдар ақша көп тіккендерге Әлібек ағамыздың және өздерінің құпия-сырларымен қосыла өздері де сатыла бастады. Осылайша, өлтіргіш кесепат бактериялар Саддам Хусейн мен Усама бен Ладеннің колдарына түсті.
Әлібеков Қазақстандағы Степногорск зерттеу орталығында аты белгілі маман еді. Қауіптілігі соншалық, зерттеу жұмыстары жерасты ядролық қорғаныс паналарында жүргізілетін. Осылардың біреуінің қақпасы жоғарыдағы суретте бейнеленген.       
"Шетелдіктер «Биопрепараттың» кәнігі ғалымдары үшін қандай құн берсе де ұтылмайды. Оның беретін ақпараты арқасында, көптеген жылға созылатын ғылыми зерттеу шығынынан және уақытынан ұтады. Көптеген ғалымдар Еуропа мен Азияға кетті, ал кейбірі мүлдем көзге көрінбей, тыныш өмір сүруде. Естуімше, кейбір ғалымдар Солтүстік Корея мен Иракқа сатылыпты" - дейді ғалым ағамыз.
Тірі қалған ғалымдардың саны аз. Қанатжан ағамыз көптеген "қымбатты" әріптестерін Свердловск апатында жоғалтқан. 1979 жылы болған апатта сібір обасын өндіруге арналған реактор істен шығып, улы бұлт аспанға көтерілген. Кеңес Одағы 300-ге жақын адам жазықсыз өлген бұл апатты ондаған жылдар құпия түрде сақтады.
Кеңес Одағының биологиялық қару программасында сеспей қатыратын жалғыз бактерия "сібір обасы" ғана болған.
Дүниежүзінде өте қатерлі биологиялық қарудың әсерін көрген аз адамның қатарында Әлібеков те бар. Онымен бірге жұмыс істеген 44 жастағы Николай Устинов атты зерттеуші қайғылы оқиғаға ұрынған. 1988 жылы Марбург вирусінің Эболаға әсерін зерттеу жұмысы кезінде байқаусызда екі қабаттап киген қолғаптарының арасынан саусағына ине шаншып алған. Төрт күн өткеннен кейін көздері қанталай бастаған. Медиктер оның қанын ауыстырған, бірақ қан шапшып, аузынан аққан. 17 күндік тіршілік жанталасынан кейін ішкі ағзалары еріп, ақырында қайтыс болған. Денесі суымай тұрып, жұмыстастары Устиновтың қанынан өрнек алып, пробиркаларда вирусты өсіріп, зымыранның оқтұмсықтарындағы ыдысқа құйып толтырған.
"Бұлай жасаудың қате екенін кейде ойлайтынмын", - деп қайтадан қалың ойға шомады ғалым ағамыз.
Бұл жағдайдан кейін де, Батыс та қарап отырмас деп сеніп, миллиондаған қаражатты жаңа биологиялық қару үшін жұмсады. 1991 жылы Америкаға барған кезінде мұның себеп болмағанына көзі жетіпті-міс. 1992 жылы Америкаға қашады. Қазір өзгергенін баяндап отыр.
Ресейдің президенті болған Борис Ельцин Химиялық Қарулы Күштерінің қолбасшысы болған генерал Анатолий Кунцевичті қызмет орнынан босатты.
Том Манголд пен Джеф Голдберг "Обалардың соғысы" кітабында мыналарды жазады: "Кунцевич 5 тонна VX нервті газ компоненттерін сириялық делдалдарға сатып жатқанында ұсталғаны мәлім. Бұл бәленің соңғы аялдамасы Ирак деген болжам бар."
Генерал Кунцевич сириялықтарға VX жүйке газын сатпақшы болғаннан кейiн кызметiнен босатылды. Эазушы Манголд және Голдберг: "Кунцевичтiң бiр қалта ақша үшiн, 800 киллограм химиялық заттарды аттары белгiсiз біреулерге сатпақшы болғанын" қағида етедi. Әлiбеков жүргiзген зерттеулердiң жемiстерi ендi терроризм қауiпiне айналды.
Әлібеков те Кунцевич секілді дүниеге танымал болып, биологиялық қару жайында әңгіме қозғалғанда "Күнделікті жұмысымда бұл қатердің алдын алып, әсерін жоққа шығаруға талпынудамын. Бірнеше жыл бұрын бұзған антымның айыбын төлеу үшін медициналық борышым"- дейді. Бірақ, айта кететін жағдай өзінің де нысанаға түскені жайлы әңгімелер бар, өйткені, қазіргі жұмыс орны Вашингтоннан тыс жерде, сібір обасы таратылған ошақта орналасқан.
1992-да АҚШ-қа сыйынғаннан кейін, ОББ тарапынан алты жыл бойынша құпия тұтылған Кен енді сақтанусыз жүре бастады.       
Әлібековтің қазіргі уақытта өз үйім деп жүрген Америкасы жаратылуына өзі көмекші болған бәледен зардап шегуде. Әлібеков "Дәрігерлер құрмалас мультивирус вакцинасын ойлап табуға міндетті", - деп ойлайды. -  Өйткені, бүгінгі танда сібір обасымен күресумен болсақ, ертеңіне басқа да індеттердің шығуы әбден ықтимал».

www.aspan-2001.narod.ru

abai.kz

Уикипедия электронды анықтамадан: 

Әлібеков Қанатжан (Қанат) Байзақұлы (АҚШ-та Кен Әлібек немесе Кеннет Әлібек (ағылш. Ken Alibek, Kenneth Alibek) деген атпен танымал, 1950 жылы туған) - дәрігер, ғалым, иммунология және инфекциялық аурулар жөнінен маман. Әскери дәрігер, полковник, Биология Ғылымының Докторы және Биотехнология Ғылымының Докторы дәрежелеріне ие. Кеңес Әскері кезінде Биопрепараттың алғашқы Төрағасы қызметін атқарды. Ол 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына кетіп, Америка азаматтығын алды және биоқорғаныс консультанты, зерттеуші және кәсіпкер болып қызмет атқарды. АҚШ үкіметінің биоқорғаныс стратегиясын дамытуда белсенділік танытты.

 
Қанатжан Әлібек

Кен Әлібек Каучукта дүниеге келіп, жастық шағын Алматы қаласында өткізеді. 1975 жылы Томск медициналық институтының әскери факультетін «инфекциялық аурулар және эпидемология» мамандығы бойынша бітірді. 1975 жылдан бастап, КСРО Министрлер Кеңесі уақытында биологиялық қару жасау және сынаумен айналысатын «Биопрепаратта» жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі уақыт аралығында «Биопрепараттың» бірінші төрағасы болды. Биологиялық қорғаныс және биологиялық қару шығару бағдарламаларының ғылыми жетекшісі қызметін атқарды. 1990 жылы КСРО президенті М. Горбачевке КСРО-дағы биологиялық қару шығару бағдарламасын тоқтату жөнінде ұсыныс хатын жолдады. Президенттің қолдауын алған соң, жою бағдарламасын басқарды. 1991 жылдың соңында АҚШ биологиялық нысандарын инспекциялайтын комиссия басқарушыларының бірі болды. Инспекция АҚШ-тың әскери биологиялық қару өңдеуді 70 жылдардың басында тоқтатқанын көрсетті. 1992 жылы Америка Құрама Штаттарына көшті. 1999 жылы “Biohazard” атты кітабы жарық көрді. 2000-2006 жылдар аралығында BBC-дың шешімі бойынша ең ұлы тарихи тұлғалар тізіміне енді. Америкадағы Джордж Мейсон Университетінің (George Mason University) профессоры, АҚШ Биологиялық Қауіпсіздігі Ұлттық Орталығының басқарушысы болды.

Әлемдегі биологиялық соғыс пен терроризм қаупін азайтқаны үшін АҚШ Конгресінің «Әлем жетістігіне ауқымды үлесі үшін» медалімен мараппаталды.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсудың Бас Кеңесшісі болып жұмыс атқарады.

Дереккөздер[өңдеу]

  • ↑ Л.А.Федоров. Советское биологическое оружие: Раздел 2.3. Биологи в штатском ("БИОПРЕПАРАТ")
  • ↑ Форум военных химиков. Завод "Биопрепарат", Степногорск, Казахстан
  • ↑ Век биологического терроризма
  • ↑ Наиболее влиятельные в АҚШ выходцы из бывшего СССР
ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 3328
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11