Қазақ әскерінің өткені-бүгіні-ертеңі.Отыз жылда не өзгерді?!
Қазақ әскерінің өткені-бүгіні-ертеңі.Отыз жылда не өзгерді?!
 
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәтте біздің еліміздің аумағында көптеген әскери бөлімдер, базалар, әскери-зерттеу объектілері мен полигондар орналасты.The Military Balance 1995 шет елдік әскери-аналитикалық баспасының хабарлауынша Қазақстан қарулы күштері 1991-92 жылдары жылы кем дегенде 2700-ден астам танкі және 2500-нан аса сауытты тасымалдағыш көліктерді 7000-ға жуық артиллериялық қондырғыға иелік еткен 200 мың адамдық үлкен қарулы құрылым болды.Әрине бұл сандар сол кездегі қарулы күштеріміздің қолында қалған кеңестік мұраның жалпы масштабын дәлме-дәл көрсете алмас.Алайда осы деректемелерге қарап Қазақстан әскері Орталық Азиядағы ең қуатты арсеналға ие болғанын біле аламыз.Әуе-қорғаныс күштерінде бірнеше жүздеген Кеңестік үшінші буындағы МиГ-23,МиГ-25,МиГ-21 жойғыштары және де төртінші буындағы бірнеше ондаған МиГ-31,МиГ-29 жойғыш ұшақтары әрі жүзшақты МиГ-27,Су-24,Су-17 жойғыш-бомбалағыштары 40-шақты Ми-24 шабуылдаушы тікұшақтары,100-200дей Ми-8,Ми-6,Ми-26,Ми-2 тасымалдаушы тікұшақтары болды.Бұлардан басқа транспорттық авиацияның да әуе машиналары Қазақстанның әуе күштерінің қатарын толықтырды.Әуе техникаларынан басқа “Өзіміз ұшпаймыз, өзгені де ұшырмаймыз” деп ұрандататын әуе-қорғаныс күштерінде де жүздеген С-125,С-75,С-200 зениттік-зымыран кешендері мен жауынгерлік әуе-қорғаныс күштерінде көптеген Круг,Куб,Оса,Стрела-10 зымыран кешендері қызмет етті.
ДәуренДәурен
2 жыл бұрын 1391
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11