Қазақстаннан шыққан математика олимпиадасының жеңімпазы Google-ға жұмысқа кіріп, кеңесімен бөлісті
Қазақстаннан шыққан математика олимпиадасының жеңімпазы Google-ға жұмысқа кіріп, кеңесімен бөлісті

«100 жаңа есім» жобасының мүшесі Қуат Есенов табысқа жетуінің жолын айтты. Әлемдегі ең әйгілі оқушы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бүгінде Google компаниясында жұмыс істейді.

Ол жақсы білім алу үшін ағылшын тілін меңгеріп, математиканы оқу керек деген кеңесін айтты. Бұл жайлы Қуат павладарлықтармен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz. 

Мұғалімдердің айтуынша, Қуаттың дарындылығы жастайынан байқалған. Ол 3 жасында оқып үйреніп, мектепте барлық пәнді жақсы оқыған. Мұғалімі Давид Ганелиннің айтуынша, ол табиғатынан дарынды. 9-11 сынып аралығында математикадан халықаралық олимпиадаларда 6 алтын медаль, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

Алғашқы медалін Шотландиядан 2002 жылы әкелді. Ол халықаралық математика олимпиадасның күміс жүлдегері атанды. Бір жылдан соң Жапонияда өткен, 2004 жылы Грекияда өткен жарыстарда алтын медаль ұтты.

Мектеп бітірген соң АҚШ-та технологиялық институтқа түсіп, бітіріп шықты. Бүгінде Америкада тұрып жатыр.

«Мен өз елімді жақсы көрем. Қазақстанды ешқашан ұмытпаймын. Америкада не жетіспейді деп сұрақ қойса, қазақтардың қонақжайлығы мен жылқы еті дер едім», – дейді Қуат Есенов.

Ол Google компаниясында жақсы ақша табаныны айтты. Алайда, жалақы мөлшерін айтқан жоқ.

«Егер шетелдік компанияға жұмысқа орналасқыңз келсе, ағылшын тілін үйреніңіз. Қазір дамыған заман барлығын ғаламтор арқылы табуға болады. Осы елде де, шетелде де жұмыс істеуге болады», – дейді ол.

http://stan.kz/kazakstan

ДәуренДәурен
6 жыл бұрын 2490
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11