Құдаңның әкесі тірі болса, сонда басты өзің ұстайсың ба?
Құдаңның әкесі тірі болса, сонда басты өзің ұстайсың ба?

"Қанша жерден ұлық болсаң да, әкең отырған жерде бас ұстама!" деген әдепті "әкесі тірі адам бас ұстамайды" деп шатастырып жүргендер көп.

Бұл - қате пікір. Мысалы, сен жайлауда жалғыз үй отырсың, жақын маңда ауыл жоқ, саған арнап қонақ келді. Сен сыйлы қонағыңа қой сойдың, дастарxанға бас келді. Бірақ, сол жерде отырғандардың бәрінің әкесі тірі, сонда піскен басты не істейміз?! 

Немесе 70 жастағы ақсақал құдаң келді, бірақ оның әкесі тірі екен. Сонда басты өзің ұстайсың ба? Әлде көшеден әкесі қайтыс болған адам іздейсің бе? Сіз не дейсіз?

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 3330
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11