Саяхаттар алдында сол елдің заңымен таныс болыңыз: Сөмкеңізден сағыз шықса соттайтын елдер бар
Саяхаттар алдында сол елдің заңымен таныс болыңыз: Сөмкеңізден сағыз шықса соттайтын елдер бар

Соңғы кезде Азиялықтар өзге елдерге жақындай түсуде, бірақ, өмір сүру қағидалары өзгелерге күн санап қызық. Себебі, онл елдерде қалыпты көрінетін  тұрмыстық жағдайлар, өзгелерді, тіпті, шошытуы ықтимал.

Азиялықтардың өміріндегі кей жағдайларды ұсына отырып, біздің түсінігімізге түрпідей тиетінін анықтаған. Дегенмен, тұрғылықты халық қонақжай әрі, саяхатшылар өзі баратын елдің тұрмысынан хабардар болса, еш қиындық болмасы анық.

Жапонияда жеделсатыға бірінші болып кірудің қажеті жоқ. Бірінші болып кірген екенсіз, жеделсаты капитаны міндетін мойыныңызға аласыз. Бірінші кірген адам барлығы үшін қажетті қабаттың түймесін басып әрі қарайғы қозғалуды қадағалап отыруы тиіс. Бұл міндетті атқарғыңыз келмесе бірінші болып кірмегеніңіз дұрыс.

Қызанақ шырынын ұнататындар Вьетнамда қызықты жағдайға тап болуы мүмкін. Себебі, бұл елде қызанақ шырынына тәтті қосып ішеді. Қонақтың қалауына қарай қант, бал, кокос сүті, сүт қосып береді.

Көптеген Азия елдері «4» санын ұнатпайды, тіпті, қорқады. Бұл жағдайдыңы тетрафобия деп аталатын ғылыми атағы да бар. Олар үшін «өлім» мен «4» сөзі бір. Бұл жағдай Корея мен Жапонияда бірдей, яғни, төрт санынан қашатындар. Сондықтан, бұл елдерде аурухана мен қоғамдық орындарда «4» қабат деген атымен жоқ.

Сотүстік Корея халқы Рождества мерекесінде ұлт лидері әжесінің туған күнін тойлайды. Ким Чен Ын елде бұл мерекені атап өтуге тыйым салған. Оның орнына барша халық оның қайтыс болған әжесінің туған күнін атап өтеді.

Егер сіз жалғызбасты, сүйіктіңіз жоқ болса, 14 сәуір күні өз мерекеңіз екенін біле жүріңіз. Жыл сайын Оңтүстік Корея халқы 14 сәуір- жалғызбастылар күнін тойлайды. Ол күні жұрт қара соус қосылған кеспе жейді, қара киініп, жалғызбастылық туралы әзілдер айтады.

Вьетнамдықтар мысық атаулыны ұнатпайды. Вьетнам тұрғындары үйлерінде мысық асырамайды. Қыдырып бара қалсаңыз көшеде ұстап жүрмегеніңіз абзал. Мысықтың мияулағаны олардың  «кедейлік» деген сөзіне ұқсайды екен. Олар кедейлікке ұшырамау мақсатында, сенімінде мысықты жандарына жолатпауға тырысады екен.

Жапондық ерлі-зайыптылар бөлек кереуетте ұйықтайды.Бала дүниеге келгеннен кейін жапон отбасындағы әйелдің міндеттері өзгереді. Әйел тек баласының қасында ұйықтайды. Кейде мүлде басқа бөлмеде баласымен тұрады. Бала бір жасқа толғанша барлық елде түсінікті жағдай. Бірақ, Жапонияда бұл жағдай бала 10-13-ке келгенше жалғасады.

Тайланд халқы баланың басынан сипамайды. Тіпті, сипай қалсаңыз ұрысып тастауы мүмкін.Тайлықтар  баланың басында  періште бар деп түсінеді. Әрі оған ешкім тиісіп, шошытпауы керек. Баланың басын тек туған ата-анасы мен монахтар ғана ұстай алады. Сондықтан, кездейсоқ баланың басын сипауға асықпаңыз.

Сингапурде еуропалық өлшеммен қарағанда тыйымдар көп. Тыйымды елемеу мүмкін емес, себебі, айыппұл көлемі үлкен. Ол елге барарда сөмкеңізде де сағыз болмағаны дұрыс. Шайнамақ түгілі алып жүруге тыйым салынған. Ем ретінде дәрігердің жазуымен тек дәріханадан алуға болады.

Жапон, кәріс, филиппиндік балалардың сырт көзге ерсі көрінетін ойыны бар. Сізге біреу канте ойнайық десе бірден келісе кетпеңіз. Ойын жайлы: Қарсыластар бірін-бірі байқамай тұрған кезде тоқішегіне  сұқ саусағын алақанына дейін сұғып алуы керек.

stan.kz

ДәуренДәурен
6 жыл бұрын 2636
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11