Смартфонды вирустан тазалайды. WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болады?
Смартфонды вирустан тазалайды. WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болады?

Смартфонды тазалауға арналған гаджет жайлы ақпарат.

WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болады?

WhatsApp мессенджерінде сөйлесіп жатқан адамның қандай да бір себептермен өшіріп тастаған хатын арнайы бағдарламалар арқылы оқуға болады.

Бұл туралы "Синергия" университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Кейде WhatsApp-та хат алмасу кезінде әңгімелесуші бір себептермен сізге жазған хатын өшіріп тастайтын жағдайлар болады. Маманның айтуынша, арнайы бағдарламалардың көмегімен жойылған хатты оқуға мүмкіндік бар.

"Жойылған хабарламаларды қалпына келтіретін бағдарламалардың көбін тек Android операциялық жүйесі бар смартфондарға орнатуға болады. Өшірілген хатты оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі Notif log notification history деп аталады", - деді сарапшы.

Бұған дейін WhatsApp-та жаңа функция іске қосылғаны хабарланған еді. Мессенджердің iOS-қа арналған жаңартылған нұсқасында QR-кодты анықтау функциясы пайда болды. Жаңа опцияның арқасында қолданушылар телефон нөмірі шифрланған жеке кодты бөлісе алады. Бұл комбинацияны алған соң сканерлеп, адамның нөмірін телефонға сақтайсыз.

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 1885
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11