Су тасқыны болғанда адамды «құтқаратын» көлік (видео)
Су тасқыны болғанда адамды «құтқаратын» көлік (видео)

Қытайдағы Таоцзян қаласының тұрғыны жүзетін көлік құрап шықты. 

Тәжірибелі автомеханик Таоцзян топан судан қорқып, көлік «қайықты» жасауға бел буған. Ол өзі жауын-шашын кезінде жиі таситын Таоцзян өзеніне жақын жерде тұрады екен. Сол себепті қандай да бір су тасқыны бола қалған жағдайда өзін-өзі құтқарып қалу үшін осындай көлік құрастыруды мақсат еткен.

Көлік құрастырушы хетчбэктің кузовын пайдаланған. Оның артқы бөлігіне седанның моторлы бөлігін дәнекерлеген. Қозғалытқышты көліктің артқы бөлігіне орнатқан. Ал алдыңғы бөлігіне жүзуге мүмкіндік беретін толқынқайтарғышты бекіткен.

Төрт орындықты көлік өз бетінше суға да түсе алады, құрғаққа да шыға алады. Бұл көліктің ең жоғары жылдамдығы 32 км/сағат. Сюн Цзянь көлікті әрі қарай дамыта түсемін деп отыр.

Өнертапқыш көлік-қайықтың ең жоғарғы жылдамдығын 40 км/сағатқа жеткізіп, жайлылығын да жетілдіре түспекші.

Baq.kz 

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3299
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11