Телефон қуатының неліктен тез таусылып қалатынын білесіз бе?
Телефон қуатының неліктен тез таусылып қалатынын білесіз бе?

Бүгінде қалталы телефон арқылы тек қажетті адаммен байланысып қана қоймай, ғаламтордан қажетті парақшалар мен сайттарды ашып қарауға, клип немесе фильм көруге, жаңалық оқуға және ойнауға болады. Алайда, бірнеше операцияны қатар не кезек-кезегімен қолданған кезде телефон қуатының тез таусылып қалатыны көңілге қаяу түсіреді. 

Кейде оған себеп болатын өзіміздің дұрыс емес әрекетіміз екен. Бұл туралы Маркетиум жазды.

Телефон қуаты мынадай бірнеше себептің әсерінен тез таусылып қалуы мүмкін:

  1. Смартфонды 100% толғанға дейін қуаттайсыз

Көпшілік адамдар телефонды 100% толғанға дейін қуаттау керек деп ойлайды. Алайда, мамандардың пікірінше, батареяны 30 бен 80% аралығында ұстаған жөн.

  1. Телефонды толық өшіріп барып қуаттайсыз

Телефонның толық өшіп қалуын күту арқылы сіз батареяның жұмысын одан сайын нашарлата түсесіз. Мұндай қадамды тек екі айда бір рет жасаған жөн.

  1. Батареяның қызып кетуіне жол бересіз

Смартфондардың батареялары жоғары температураға шыдамсыз келеді. Ең оңтайлы температура – 1 мен 35 градустың аралығы.

  1. Сымсыз қуаттағышты тым жиі пайдаланасыз

Сымы жоқ қуаттағыштар да батареяның қызып кетуіне жол береді.

  1. Телефонның қабын алмай қуаттайсыз

Қуатталу барысында телефоныңыздың қызып кеткен жағдайда қапты шешпесеңіз, ол жылудың іште қалуын қамтамасыз етіп, батареяның құрып кетуіне өз үлесін қосады.

  1. Сіздің қосымша телефоныңыздың қуаты аз болып жүреді

Әдетте адамдар қосымша телефонды алғашқысының қуаты таусылып қалған жағдайда қолданады. Алайда қосымша телефонды да үнемі жартылай қуаттап жүрмесеңіз, оның да батареясы тез арада құртыла бастайды.

  1. Сіз қуаттау үшін қолданатын сым дұрыс емес

Әр телефонды қуаттауға арналған өзінің сымдары болады. Кейде басқа өндірушінің құрылғысын алып, сіз өз телефоныңызға зиян тигізіп алуыңыз мүмкін.

Stan.kz 

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3391
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11