Үй есігін кілтсіз ашу үшін телефоныңызға арнайы қосымша орнатуыңыз керек - жас өнертапқыш
Үй есігін кілтсіз ашу үшін телефоныңызға арнайы қосымша орнатуыңыз керек - жас өнертапқыш

Жас өнертапқыштың жетекшісі Назерке Мырзахметованың айтуынша, Исламның бұл жобасы іске асырылса, үйге ұры түсудің алдын алуға болады.

Ақылын жетекші, қиялын көмекші еткен небәрі 11 жастағы бала үйді ұрылардан қорғаудың тиімді жолын ойлап тапты. Оның есімі – Ислам. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 мектепте оқиды. Өнертапқыш өреннің жасап шығарған құрылғысының көмегімен есікті автоматты түрде ашуға болады. Ол үшін тіпті, кілттің де қажеті шамалы. Есікке орнатылған смарт құлып ұялы телефон арқылы басқарылады.

"Есікті кілтсіз ашу үшін Android қосымшасы бар телефон қажет. Сол арқылы барлық жұмысты жеңілдетуге болады. Бұдан бөлек, есіктің ішкі жағына «Arduino Uno» құрылғысын орнату керек. Кейін арнайы бағдарлама арқылы үй иесі құпиясөз қояды. Бұл өз кезегінде үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Ислам Талғат.

Жас өнертапқыштың жетекшісі Назерке Мырзахметованың айтуынша, Исламның бұл жобасы іске асырылса, үйге ұры түсудің алдын алуға болады.

"Цифрландыру – заман талабы. Сондықтан қазір мемлекеттік қызметтің басым бөлігі цифрлық форматқа ауыстырылып, жаңа үрдістерге сай көрсетілуде. Тіпті, ірі зауыттар мен өндіріс орындары да цифрлық технологияның жемісін көріп отыр. Мұның барлығы – Елбасының ұсынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының нақты нәтижесі. Елбасы бұл салаға ерекше мән беріп, инновациялық және сервистік секторларды дамытудың тиімді тетіктерін анықтап берді. Нәтижесінде осы салада білікті, кәсіби мамандар даярлау ісі қолға алынды. Бүгінгі іс-шара да сол бастамадан туындаған", – деді Назерке Мырзахметова.

Дереккөз: Altaynews.kz

Атыраулық жас өнертапқыш кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты

Жас өнертапқыштың айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың жолы - пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кері қолдану.

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ермек Кеңесов химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа сұртын ойлап тапты, деп жазады atpress.kz.

Атыраулық жас өнертапқыш кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты

"Мен бұл жобаны зерттеу үстінде БҰҰ-ның деректері бойынша пластикалық қалдықтар жыл сайын әлемде 1 миллионнан астам құстардың өліміне, 100 мыңға жуық судағы сүтқоректілер мен балықтардың жойылуына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық", - дейді Ермек.

Жас өнертапқышқтың айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың жолы - пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кері қолдану. Ермек бұл идеясын іс жүзінде дәлелдеу үшін кәдімгі қиыршық тас, топырақ және пластмассалық қалдықтарды пайдалана отырып, пласткірпіш жасап шығарды. Алдымен ол өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында полимердің аддитивтік және конденсациялық қасиеттерін физика мен химия пәнінде зерттеген. Сондай-ақ, көптеген деректерді ғаламтор және дәстүрлі әдебиеттерден іздегенін айтады. Кейін пластмассаларды бөлшектеу үшін, тіпті, қатты картоннан гидравликалық аппарат жасағағынын айтты. Тәжірибенің соңында пласткірпіш дайын болып, жобаның жұмысы сәтті аяқталды. Алғашқы өнім нарықтағы кірпіштен кем емес. Себебі, оның тығыздығы, суды сіңіруі және аязға тұрақтылығы талапқа жауап береді.

Қазіргі таңда Ермек пласткірпішті көптеп шығару үшін өндіріс ашуға ниетті. Ол үшін мектеп оқушысы арнайы бизнес-жоспар құрып, кірістер мен шығыстарды есептеп қойған.

"Пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу - нарықтағы пластмассалық өндірісті азайтудың ең тиімді жолы", - дейді Ермек Кеңесов.

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 2034
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11