Ұзақ өмір сүруге септесетін тиімді тәсіл аталды
Ұзақ өмір сүруге септесетін тиімді тәсіл аталды

Техас университетінің Оңтүстік батыс медициналық орталығының ғалымдары физикалық жаттығулар жүрек-қан тамырлары жүйесінің қартаюы мен мезгілсіз қаза болу қаупінен сақтайтынын айтады, - деп tengrinews.kz хабарлайды MedicalXpress. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып Зерттеуге орта жастағы 50 адам қатысқан. Бұл топ екі топқа бөлініп, бірі екі жыл бойы физикалық жаттығулармен, ал екіншісі - йогамен айналысқан.  Аптасына 4-5 рет өткізілген жаттығу 30 минутта болған, ал серуен, аэробика, велосипед тебу мен тенниске бір сағат уақыт бөлінген. Алғашында жаттығулар жеңіл, ал 10 айдан кейін күрделене берген.  Осылайша, бірінші топтағы адамдарда жаттығулар арқасында оттегін тұтыну 18 пайызға артып, жүректің сол жақ құлақша етінің созылмалылығы 25 пайызға жақсарған. Мамандардың ұсынысы бойынша, барынша пайда үшін 65 жасқа дейін жаттығу қажет. Ұзақ отыру өмір салты жүрек бұлшықетінің қартаюына және қан айналымының нашарлауына әкеп соғады екен. 

ДәуренДәурен
6 жыл бұрын 2738
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11