Алданып қалмаңыз! Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері
Алданып қалмаңыз! Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері

Демалыс уақытында шетелге шығатындардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Шетелде демалу бұл күндері сәнге айналған. Алайда туристер жиі саяхаттайтын елдерде алаяқтық деңгейі де өсіп келеді. «Сақтықта қорлық жоқ». 7kun.kz назарларыңызға бүгінде туристерге жиі қолданылатын алаяқтық түрлерін ұсынады.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: business-class.su

Сыйлық беру арқылы ақша шығаратын тәсіл Париж және Рим қалаларында жиі қолданылады. Әсіресе, Эйфел мұнарасының қасында қолында гүлімен жүретіндерді көп кездестіруге болады. Олар көбінесе туристердің жанына күлімдеп келіп, сыйлық ретінде гүл ұсынады. Артынша бір топ адамды ертіп алып, гүл үшін ақша төлеуді талап етеді. Ұрыс-керістен аулақ болғысы келетін туристердің барлығы дерлік бағасы қымбат болса да, еріксіз қалтасынан қосымша ақша шығарады. Сондықтан егер сізге біреу гүл ұсынып жатқан болса, одан бас тартқаныңыз жөн. Бұл тек Париж емес, басқа да туристік орындарға  қатысты.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: worldmagik.ru

Болгарияда ақша айырбастау пунктінің қызметкерлері туристер жиі келетін уақытта асқан қулыққа басады. Болгарлықтар ақша айырбастайтын орындарға Еуроодақ пен АҚШ-тың магниттік туын іліп, қасына сондағы валюта бағамына ұқсас сандарды жазады. Ол көрсетілген баға туристерге бір жағынан тиімді көрінеді. Соған алданып ақшаларын айырбастағанда ғана бағам жүйесінің мүлдем басқаша екендігіне көзі жетеді. Қарсылық білдіргісі келгенге жұмыскер жай қолын сілтеп, ол айырбастаудағы бағам еместігін айтып, жай магниттің бағасы деп сылтауратады. Сондықтан ақшаңызды айырбастамас бұрын, міндетті түрде валюта бағамынан хабардар болыңыз.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: konnov.name

Туристерді алдаудың тағы бір тәсілі Түркияда такси жүргізушілерінің арасында кең таралған. Олардың ақша номиналдарды әр түрлі болғанымен, түркиялық лирлар бір-біріне өте ұқсас. Сондықтан такси жүргізушісі туристке артық ақшаны қайтару кезінде қулықққа салып, құны төмендеу басқа қағаз ақшаны береді. Көбісі оның қандай екендігін қарамай, қалтасына салып өз жөнімен кете береді. Кеңес: таксиден шықпас бұрын ақшаны міндетті түрде санап алыңыз. Мүмкіндік болса ақшаны ірі ақша емес, нақты көлемінде ғана беруге тырысыңыз.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: turpogoda.ru

Туристердің көпшілігі саяхатқа фототехникаларын бірге алып шығады. Үндістанның музейлері мен храмдарының көпшілігінде суретке түсіруге тыйым салынған. Ал қызметкерлер кірерде қолдағы камераны өткізуді талап етеді. Дегенмен, оларға оны табыстаудың қажеті жоқ, әйтпесе дүниеңіз қайтадан қолға түспей қалуы әбден мүмкін. Кеңес: егер қызметкерлері қатаң талап қойып жатса, камераңыздың батареясын алып тастаңыз. Түсіре алмайтыныңызды дәлелдеңіз.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: img-fotki.yandex.ru

Әлем ғажайыптарының отаны Мысыр елінде түйеге мініп серуендеуден бас тартатындар жоқтың қасы. Ұшы-қиыры жоқ құм даланы астындағы сенімді көлікпен аралағанға не жетсін? Бірақ осыны білген арабтардың кейбірі жағдайды өзінің пайдасына бұрудың амалын жасап шығарды. Түйеге мінгізіп алып, одан түсуі үшін туристен қосымша төлем сұрайды. Әсіресе, төлем аванс арқылы берілген жағдайда дәл осылай әрекет етеді.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: smarttravels.tv

Шри-Ланка туристер арасында танымал демалыс орнына айналып келеді. Ал ары-бері тасымалдау кезінде «тук-тук» деп аталатын үш дөңгелекті мотоциклі үлкен сұранысқа ие. Сондықтан елдегі бағаларды жөнді білмейтін адамды көргенде жүргізушілер бағаны екі есеге жоғарлатып айтса, енді бірі мінгенде басқа бағаны, түсерде басқа бағаны сұрайды. Кейбірі төлемді көбейту үшін әдейі басқаша маршрутпен жүріп, жолды ұзартады. Сондықтан алдын-ала қонақ үйден немесе гидтан кететін нақты ақша сомасын сұрап алыңыз. Мүмкіндік болса, қолыңызға карта алып, жүргізушіге баратын орынды көрсетіңіз. Сіздің жолдағы арақашықтықты жақсы білетініңізге көзі жетсін.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: img-fotki.yandex.ru

Марокко халқы өте мейірімді әрі көмек беруге әркез дайын. Егер сізді бір жерге жеткізу керек болса немесе жай бір орынға қалай бару керектігін сұрар болсаңыз, сізге көмек беруге дайын адамдар бірден табылады. Бұл мейірімділіктің мақсаты – көрсетілген көмекке ақша сұрау. Тіпті, сізге көрсетілген жақсылық өзіңізге қажетсіз болса да, ақша төлеуге тура келеді. Сол себепті көшеде себепсіз көмек сұрамауға тырысыңыз.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: from-ua.com

Манила әуежайында қолданылатын «Таним-Бала» әдісінен туристерді полиция қызметкерлері де, ғимараттағы видео бақылаулар да қорғай алмайды. Себебі, бұл әдісті жергілікті қылмыстық синдикат ұйымдастырып отырады. Алданып қалатындардың көпшілігі туристер болып келеді.  Айлакерлер туристің жанынан өтіп келе жатқанда, оның сөмкесіне оқ салып жібереді. Ал сөмке рентгендік тексерістен өткенде нағыз шу басталады. Түбінде барлығы ақша берумен шешілгеннен кейін, рентгендік тексерісте отыратын қызметкер мен айлакер алынған табысты теңдей бөліп алады. Осылайша алаяқтық әрекетпен қомақты қаржыны иемденіп отырады. Бұл әдіс Мысыр әуежайларында да қолданылады. Сондықтан адам көп жүретін орындарда сөмкенің барлық қалталарын бекітіп қоюды, ішін тексеріп жүруді ұмытпаңыз.

Туристерге қатысты жиі қолданылатын алаяқтық түрлері Фото: kaifzona.ru

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 2867
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11