Босқындардың үйлері және күнделікті тұрмыс-жағдайы қандай? (ФОТО)
Босқындардың үйлері және күнделікті тұрмыс-жағдайы қандай? (ФОТО)

Бүкіл әлемді жайлаған дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар өздерінің үйлерін тастап, қауіпсіз мекен іздеуге мәжбүр. Олар өз елдерінде немесе өзге елдерге бас сауғалап, күн кешуде. Әлем бойынша 65,3 миллион халық өз қоныстарын ауыстырған, олардың 21,3 миллионы босқындар болып табылады, деп хабарлайды Qamshy.kz сайтыМоя планета сайтына сілтеме жасап.

Босқындардың әлемде күннен-күнге көбеюіне ең алдымен соғыс себепкер болды. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан да адамдар өз мекендерін тастап кетіп жатыр. Бас сауғалап кеткен босқындар жаңа үйлерін кез келген заттардан жасап алады. Мүлдем жағдай болмағанның өзінде олар тұрған жерлерін ыңғайлы орынға айналдыруға тырысуда.

Бұл үй қапшықтардан салынған. Бам Атай есімді босқын өзінің ауылында тігінші болып жұмыс істеген. «Боко Харам» содырлары олардың ауылдарын басып алғаннан кейін ол балаларымен бірге бас сауғалап кетуге тура келді. Террористер Атайдың бір қызын ұрлап әкетіп, күйеуін өлтіріп тастаған.

Майк пен Элис Жаңа Гвинеяның Папуа аралында тұрады. Бірнеше жыл бұрын олардың ауылдарын су басып, олар бөгет жасап алуы үшін үйлерін бөлшектеп тастауларына тура келді. Қазіргі таңда олар өздерінің ауылдастарымен бірге бір үйді паналап, өмір сүруде.

 

Саз балшықтан жасалған күркеде тұрып жатқан сириялықтар Ахмет пен оның әйелі Исмах. Олар қазір Түркия елінде тұрып жатыр.

 

Джоки мен Бевелин өздерінің ата-аналары және мүгедек бауырларымен бірге Папуаның кішкентай аралы Гюнейде өмір сүріп жатқан жалғыз ғана отбасы болып табылады.

 

Жалғыз басты ана өз баласымен бірге Нигерияда әр түрлі матаның қиындыларынан жасалған лашықты күнелтуде.

 

2013 жылы Анджело есімді босқын олардың қаласында түрлі этникалық топтардың арасында қиян-кескі ұрыс басталған кезінде Оңтүстік Судан Малакалдағы БҰҰ-ның базасына қашып барып, бас сауғалауына тура келді. Олар кішігірім шатырда тұрып жүрген. Алайда 2016 жылдың ақпан айында базаның біраз бөлігі өртеніп, қазіргі таңда олар гараждағы жүк көлігінің астында ұйықтап жүр.

 

Питер Лолл Оңтүстік пен Солтүстік Суданның шекарасы болып табылатын Абьей ауданындағы қираған үйлердің бірінде тұрады. 2011 жылы әскери қақтығыстар басталған кезде ол бұл мекенді тастап кеткен, алайда 2013 жылы қайтып келген. Осы жерде Питердің әкесі көз жұмған екен.

 

Бұл үй қатты картоннан жасалған. Жаңбыр жауған кезде бұл лашықтың түгі де қалмасы анық. Алайда суреттегі анасы мен баласы әзірге осы үйді паналап отыр. Бұл отбасы өздерінің Нигериядағы үйлерін «Боко Харам» террористерінің шабуылынан соң тастап кетуге мәжбүр болған.

 

Сара есімді әйел 1995 жылы автокөлік апатының кесірінен аяғынан айырылып қалған, сол себепті де ол өзінің жанұясымен бірге Джубуға көшіп кете алмады. Оның күйеуі және алты баласы өздері тұрған қаланы тастап, көшіп кеткен. Ал Сара шіркеуді паналап жүр.

 

Бұл отбасы әлі салынып бітпеген темір жол арқылы Камбоджадан Тайландқа келмек болған, алайда олар шекарадан өте алмай қалған. Қазіргі таңда бұл отбасы Камбоджадағы туыстары беріп тұратын ақшаға өмір сүріп келеді. Темір жол құрылысы салынып біткеннен соң, биліктің шешімімен бұл жердегі заңсыз салынған үйлердің барлығын алып тастайды екен. 

Бұл әйел балаларымен бірге аядай ғана бөлмені паналауда, Оңтүстік Судан.

 

Тина есімді фермердің отбасы 2008 жылы циклон кезінде баспаналарынан айырылып қалған. Қазіргі таңда олар Мьянмада кемені паналап жүр. Сонымен қатар, олар өздері аулаған балықтарын сатып, содан түскен қаржыға күн көруде.

 

Бұл әйел өзінің немерелерімен бірге сабаннан жасалған үйді паналауда. Нигериядағы босқындар лагері.

 

Мұстафаның отбасы өзге босқындармен бірге суы, жылуы және жарығы жоқ ескі атқорада тұрып жатыр. Бұл отбасы Сирияның Кобани қаласынан қашып келген. Түркия, Салинуфра.

 

Кобаниден қашып келген тағы бір отбасы құрылысы бітпеген үйді паналап жүр. Олар бұл тұрақты жалдап, ай сайын $200 олар төлеп тұрады екен.

 

Алепподан қашып келген қария босқындар ракеталық шабуыл кезінде туыстарынан көз жазып қалған, кейіннен Түркияға қашып келуге бекінген олар қалған балаларымен бірге үш жылдан бері осы мекенде тұрып жатыр.

 

qamshy.kz

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3534
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11