Елімізде коронавирусты емдеу тәсілі өзгереді. Ауыр пневмония кезінде қолданатын препарат белгілі болды
Елімізде коронавирусты емдеу тәсілі өзгереді. Ауыр пневмония кезінде қолданатын препарат белгілі болды

«Коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу» клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында жазды. Бұл жайында nege.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Хаттаманың оныншы нұсқасын әзірлеушілер COVID-19-ды жұқтырған, бірақ халі орташа деңгейдегі науқастарға препараттарды амбулаторлық жағдайда қолдану ұсынысын құптаған. Бұл үшін құжатқа амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылды. Бұдан бөлек, енді емделушілер стационар кезінде Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеуде кеңінен қолданылған «Фавипиравир» дәрісін ала алады. Ал ауыр өкпе қабынуы кезінде дексаметазон препараты қолданылатын болады. Сондай-ақ, пациенттің үш тәулікте дене қызуы көтерілмесе, респираторлық симптомдар азайса, компьютерлік томография барысында өкпесі сау болса, науқас амбулаторлық емдеуге ауыстырылады. Одан кейінгі ем үй жағдайында жалғаспақ. Хаттаманың 10-шы нұсқасы таяуда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

Қазақстан: Ауыр пневмония кезінде қолданатын препарат белгілі болды

ДДСҰ бұған дейін "Дексаметазонның" аз дозаларын қолдану жағдайы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді төмендетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Қазақстан коронавирустық инфекцияны емдеу туралы хаттаманы толықтырды, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Хаттамада амбулаториялық-емделу режимдері бар: «Гидроксихлорокин» және «Лопинавир / Ритонавир». Сонымен қатар, енді науқастар Жапония мен Ресейде Ковид-19 емінде кеңінен қолданылатын дәрі-дәрмектерді «Фавипиравир» аурухана деңгейінде ала алады. Жағдайы ауыр науқастардың еміне "Дексаметазон" қолданылады. Ковид-19 патогенезінің негізгі буыны микро және макро тромбоздың дамуы екенін ескере отырып, антикоагулянттық терапия схемалары жаңартылды", - деді Людмила Бұйрабекова.

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге "Дексаметазонды" аз мөлшерде қолдану арқылы жағдайы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді үштен бірге төмендетуге болатынын атап өтті.

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус Дексаметазон тек ауыр жағдайдағы науқастарға көмектеседі дейді.

«Бізде аурудың жеңіл түрлерін емдеу немесе асқынулардың алдын-алу үшін препараттың тиімділігі туралы мәліметтер жоқ. Дексаметазонның зиян келтіруі мүмкін екенін ұмытпаңыздар», - деді ДДСҰ басшысы.

Медицина қызметкерлері қазақстандықтарды өздігінен емделмеуге шақырады, өйткені дәрігердің рецептісіз дәрі қабылдау денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 2411
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11