Еуропадағы мына үйлердің шатыры Қызылорда қамысынан жабылған (фото)
Еуропадағы мына үйлердің шатыры Қызылорда қамысынан жабылған (фото)
Кезінде өртеніп қоқыс болған дүние - бүгін пайда әкелетін кәсіпке айналды!
Кез-келген жарамсыз болған дүниені кәдеге асырса, жергілікті халыққа жұмыс, бюджетке кіріс болады. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің талабы да!
2020 жылы Арал ауданы кәсіпкері Еуро Одақ елдеріне (Германия және Нидерланды) 648 тонна қамыс экспорттады.
- "Еуропада бұл қамысты не істейді екен" деген заңды сұрақ пайда болады?
- Қазір Еуропа елдерінде үй шатырын ертеректегідей қамыстан жабу модаға айналғандай. Экологиялық таза құрылыс материалы және ерекше стиль береді.
Осы кәсіпті жүргізуге Палатаның қосқан үлесін айта кетейін: Кәсіпкерге орман қоры жерлерін ұзақ мерзімге жалға алуға ықпал жасалды және сатып алушы шетелдікке жұмыс визасын рәсімдеуге көмек берілді.
Осындай мемлекеттік субсидияларсыз және жеңілдетілген несиелерсіз жұмыс істейтін кәсіптер көп болса, мемлекетіміздің экономикасына едәуір көмек болар еді. Кәсіпкерімізге сәттілік тілеймін!
May be an image of grass
May be an image of tree және outdoors
 
Zhassulan Serikov-тың Фейсбуктегі жазбасынан
ДәуренДәурен
3 жыл бұрын 1375
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11