Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады? Коронавирустың тағы бір жаңа белгісі анықталды
Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады? Коронавирустың тағы бір жаңа белгісі анықталды

Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады? Бұл сауалға Астана медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова жауап берді. 

«Бүгінде әлеуметтік желіде клиникалық хаттамаға, коронавирустан өлім-жітімге қатысты ақпарат өте көп. Сондықтан коронавирус инфекциясының ағымының ерекшеліктері және неліктен өлім-жітім орын алатындығын түсіндіргім келеді. Қазіргі уақытта өкпенің ісінуі – бұл тек коронавирус инфекциясы кезінде ғана емес, сонымен бірге ауыр қатерлі жағдайда да қауіпті асқыну. Өкпе тіні ісініп, вирус аралық кеңістікті зақымдай бастайды. Ол жерде сұйықтық жиналады. Өкінішке орай аурудың ауыр сатысында өкпе мен тамырлар арасындағы осынау кеңістікке өте көп су жиналып, өкпе ісінеді. Дәл осы жайт өлім-жітімге алып келуі мүмкін. Даму жолдары өте көп. Бірақ, ең бастысы, вирус өкпе тінін жылдам зақымдайтындығын айтуымыз керек», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, артериалды гипертензия, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік сынды сырқаттар кезінде де өкпе қабынуы мүмкін.

«Жүрек-қан тамырлары жұмысының жеткіліксіздігі салдарынан ағзада сұйықтық көбейіп, өкпедегі ісік ұлғаяды. Біз өлім-жітім себебінің бірі өкпе қабынуы болуы мүмкін дегенімізде, бұл инфузиялық препараттардан емес, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысының жеткіліксіздігінен ағзада сұйықтықтың артқандығынан дегенді білдіреді. Мұндай жайт созылмалы аурулар түріндегі жоғарыда аталған тәуекел факторлары бар пациенттердің басым бөлігінде орын алады», — деді Нұрила Малтабарова.

ҚазАқпарат

Коронавирустың тағы бір жаңа белгісі анықталды

Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді.

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус ауыз қуысына зақым келтіруі мүмкін. Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған.

Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді.

Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді. Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.

Коронавирус: Иіс пен дәм сезу бір ай ішінде қалпына келеді, бірақ, бәрінде емес

Жаңа зерттеуге сәйкес, коронавирусты жұқтыру нәтижесінде иіс пен дәм сезуді жоғалтқандардың 90% -ында бұл бір ай ішінде қалпына келеді.

Итальяндық дәрігерлер анықтағанындай, пациенттердің 49% -ында иіс сезу немесе дәм сезу толығымен қалпына келген, ал 40% -да иіс пен дәм сезу толықтай оралмаса да, жақсарған. Алайда, 10% симптомдар өзгермеген, тіпті, нашарлаған.

Қазіргі пандемияны ескере отырып, сарапшылар мыңдаған адамдар үшін бұл белгілер ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп ескертеді.

Дәм мен иіс қабылдаудың өзгеруі немесе олардың толық жоғалуы коронавирустың негізгі белгілерінің бірі ретінде танылады.

Британдық ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) дәрігерлері ұсынғанындай, осы белгілерді басынан кешіргендер отбасы мүшелерінен оқшауланып, коронавирусқа байланысты тексерілуі керек.

Осы зерттеу тобының құрамына кіретін Британдық ринологтар қоғамының президенті, доктор Клер Хопкинстің айтуынша, оның командасы қазіргі уақытта ұзақ мерзімді симптомдары бар адамдар өздерін қалай сезінетінін зерттеуді жалғастыруда.

«Тез қалпына келетіндерге коронавирус тек мұрын шырышты қабығының жасушаларына әсер етеді.  Біртіндеп қалпына келе бастағандар үшін бұл вирустың иіс сезімін таратуға қатысатын жүйке талшықтарына әсер етіп жатқаны болуы мүмкін. Мұндай жүйке жасушаларының қалпына келуіне көп уақыт кетеді », - деді Клэр Хопкинс.

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 3269
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11