Нағыз қазы қандай болады?
Нағыз қазы қандай болады?

Айтсам ұят. Қазір қазақтардың 90% жуығы ет танымайтын болып қалған, өкінішке қарай.. Әсіресе жылқының етін, нағыз қазы қандай болу керек екенін түсінбейді. Ас, тойларға барғанда көп жерден сүйсініп қазы жей алмаймын. Неге?

Көбіне жемделген (бордақылаған, борлаған) жылқыны сояды. Ал ол жылқының қазысы әппақ болып кетеді. Барлық қасиетінен айрылады. Аязға шығарсаң қатып қалады. Дәм жоқ, иіс жоқ. Базарға барған адамдар ақ қазы іздейтін көрінеді. Сары қазыны кәрі жылқы деп ойлайды.

Ағайындар нағыз жылқының еті, қазысы далада жайылып жүрген малдікі. Байлап қойып жемдеу деген отырықшы халықтың шығарып алған әдісі. Ол ет барлық қасиетінен айрылды деген соз. Холестерин де сонда, май да сонда. 
Атам қазақ малды ешқашан байлап жемдемеген. Оны қазіргі дүңген, ұйғыр, түріктер мен күрдттер әбден пайдаланып отыр қалалардың маңында. Малды өкіртіп жемдейді, небір дәрілер береді де өкіртіп пайда табады. Сол жақтағы жемделген жылқынікі., оң жақтағы жайлаудағы жылқынікі.

Малды ауылдан, жайлаудан жемдемей, жемдесе де таза жем мен шөпте тұрған 1-2 елі қазы беретін жылқы алдырып асып жеп көріңіз. Қазысы мына сүреттегідей сап сары, исі мұрын жаратын, дәмі таңдайда қалатын болу керек!

Ахметбек Нұрсила 

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 6942
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11