Қазақ дәрігері 5 айлық баланың бауырын ауыстырып, шетелге танымал болды (ВИДЕО)
Қазақ дәрігері 5 айлық баланың бауырын ауыстырып, шетелге танымал болды (ВИДЕО)

Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына іліккен. Олар бұл туралы жаңалықты жарыса жазды.

Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері, трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылып үлгерген. Жас маман туралы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

31 жастағы Рахымжан Үмбетжанов Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық емхананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог болып жұмыс істейді. Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған азамат кейін Беларусьтің Минск қаласында клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, білімін шыңдай түспек.

Рахымжан Үмбетжанов Шымкентте 3 жылға созылған дәрігерлік қызметі барысында 173 туыстық трансплатациялық ота жасауға қатысып үлгерген. Оның 150-і бүйрекке, 23-і бауырға жасалған.

Ақ халатты абзал жан мұнымен тоқтап қалмай, біліктілігін шыңдай түсу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында Минск қаласына аттанады.

Онда 5 айлық бүлдіршінге бауыр трансплатациясы отасын жасап шығады. Қазақ дәрігері жасаған отаның сәтті аяқталғаны Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына іліккен. Олар бұл туралы жаңалықты жарыса жазды.

Рахымжан Үмбетжанов беларусь әріптестерінен ағзаны трансплантацияға дайындайтын гепатобилярлы әдісті үйренгенін айтады. Ол алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отырып, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деп армандайды.

ДәуренДәурен
3 жыл бұрын 1853
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11