Қазақстанда ноутбук жасалатынын білесіз бе? Алғашқы отандық планшеттер шығарылуда (ВИДЕО)
Қазақстанда ноутбук жасалатынын білесіз бе? Алғашқы отандық планшеттер шығарылуда (ВИДЕО)

"Каспий" арқылы сатып алуға болатын отандық компьютердің 7 түрі бар. "Windows 10 Pro" жүйесімен жабдықталуда.

Қазақстандық алғашқы ноутбук пен планшеттің отаны Петропавл қаласы болып шықты деп хабарлайды Dalainform тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Сонымен, еліміздегі тарихы терең, ең көне зауыттардың бірі – С.Киров атындағы зауыт «ZIKComputers» маркасымен компьютерлік техника шығаруға кірісті.

Тұтынушыларға отандық «Zik» компьютерлерінің 7 түрі ұсынылады. Оларды қазірдің өзінде «kaspi.kz» және «ForteMarket» қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Жақын арада бұл қазақстандық компьютерлерді, сондай-ақ, «Қазпоштаның» барлық бөлімшелері арқылы сатуға да ден қойылмақ.

«Зауыттың инженерлік әлеуеті зор және мамандарының деңгейі жоғары. Өнім сапасына ерекше назар аударылады. Мемлекеттің қолдауымен 2018-2020 жылдар ішінде кәсіпорында жаңғырту жүргізілді. Дәлдік сыныбы бес, көпқабатты баспа платаларын өндіруге және SMD-монтаждауға арналған жабдық алынды. Бұл зауытқа электронды өнеркәсіпті, соның ішінде «ZIKComputers» шығаруды дамыту үшін қуатты база құруға мүмкіндік берді. Өндірісті қолдау үшін 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді», – дейді министрлік өкілдері.

«ZIKcomputers» желісінің өндірістік қуаты – жылына 100 000 бірлік компьютерлік техника.

Компьютерлік техниканы дайындауға арналған компоненттерді серіктес – электроника, компьютерлік техника және серверлік жабдықтар өндірісінде 30 жылдық тәжірибесі бар «Great Wall» компаниясы жеткіуде. «ZIK» брендімен шығарылған әрбір өнім «Windows 10 Pro» лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықталады және шетелдік баламалардан еш айырмашылығы жоқ. Ал бағасы арзандау.

«Отандық «ZIK» компьютерін әзірлеу барысында Білім және ғылым министрлігінен бөлек, балаларды онлайн оқытатын мұғалімдер мен ата-аналардың талабы ескерілді», делінген зауыт түсініктемесінде.

Кеңес заманында зауыт «Победа», «Рекорд», «Қазақстан» радиоқабылдағыштарын, «Есіл» РПУ және басқа да қызықты электр аспаптарын шығарған және ол өнімдер жоғары сұранысқа ие болған көрінеді.

ДәуренДәурен
3 жыл бұрын 1819
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11