Соғыс болады ма жоқ па?
Соғыс болады ма жоқ па?

Мына суретте Украина мен АҚШ-тың агенттері Ресейден біраз хабар жинапты, соның ішінде Ресей әскерлерінің Украинаны жаулап алу жоспары да бар. Байқасаңыздар Ресей бүкіл шекараны кесіп өтеміз деп тұр. Караулов пен Арестович орыстар шабуылдаса Украинаның оңтүстігінен бастайды деп тұр. Неге? Себебі Украина 2014 жылы Қырымға Днепрден ағатын каналды жауып тастады. Оны білетін боларсыңдар. Су жоқ Қырымда кәзір. Ауыл шаруашылығы құрыды, тіпті ішетін суға тапшы болып жүр. Мәскеу кәзір суды Краснодардан автокөлікпен тасуда. Ол қанша миллиартаған қаражат. Сол себептен Ресей Днепр каналынан бастайтын сияқты, соғыс ашса енді. Не болса да уақыт өткен сайын Ресей шығынға батып жатыр. Сол себептен болар рублінің құны түсіп жатқаны (біздің байғұс тенгені ала қоса).
Ресей оппозициясы Путин соғысты ашуға батылы келмейді дейді, блефует деп айтып жатыр.
Естеріңізде болса 2021 жылдың көктемінде Ресей соғыс ашамын деп шекара аумағында біраз өзінің әскерін шоғырландырған. Еуропа дабыл қақты, содан Байден Путинмен Швейцарияда кездесемін дегеннең соң Ресей қарулы күштерін қайтарып алды. Байденді шығарып алу деген саясаты болуы керек. Демек сол кездесуде, мойындау керек Путин америка президентін алдап кетті. Дипломатиялық жеңіске жеткен сонда. Себебі сол кездесуде Байден сүрініп шатасып "Минскнің келісімін" қолдаймын соғыс болмасын деп Путинмен келісті. Сосын шыны керек өзінің сөзін қайта алды.
Енді Ресей шиеленістіру саясатын тағы да бастады. Щекарасына дәл қазір 100 мыңға жуық әскерін тұрғызып қойды. Оған қоса 1200 танкісін, 1200 артиллерия күштерін, 330 самолет. Соғыс ашатынына аса ешкім сеніп тұрған емес. Демек тағы да Байденмен кездескісі келіп тұрғаны мәлім болды. Бірақ Байден екінші рет алданып қалғысы келмейтін сияқты. Негізі Путин соғыс ашса Ресей құриды деп бүкіл саясаткерлер айтып жатыр. Себебі, АҚШ жақында үш санкция пакетін салсақ жеткілікті деп жүрген. Ол қандай санкция екенін В. Нуланд пен Пентагонның ақпараттарынан білуге болады.
Біріншіден ол персоналды санкциялар: яғни ресейдің шенеуніктері мен Путиннің жанұясының батыс банктердегі ақша шоттарын жауып тастаймыз, шетел азаматтығынан айырамыз және де шетелдегі активтерді тартып аламыз дегені. Бұл енді сөз жоқ керемет санкциялар(Навальный мен Ходорковский баяғыдан бері осы санкцияларды сұрап жүрген). Бұл санкция пакетінің жақсы жағы - ресей халқына зиян келтірмей, ұры шенеуніктердің жеке қалтасына әсер беру. Білетін болсаңыздар Путиннің қыздары, Песков, Медведев, Лавров және басқа да шенеуніктердің балалары бәрі түгел батыс елдерде рахаттанып тұрып жүр. Олардың азаматтығын тартып алса, шоттарын жапса болғаны. Байден оны істей алады, демек Еуропа Одағы оған келіспей тұрған, әсіресе Ангела Меркель, С. Курц пен Э. Макрон. Бірақ Меркель кетейін деп тұр, Курцті қуып шықты, ал Макрон Байденге қарсы жалғыз өзі шықпас. Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц ресей саясатын жек көретінің жақында айтқан.
Екінші санкция пакеті бұл, батыс елдері Ресейді swift жүйесінен оп-оңай айырып тастауы. Ол дегеніміз Ресейдің қаржы жүйесі талқанға ұшырайды деген сөз. Төлем жүйесі істемесе еш ресей банкісі жұмысын атқара алмайды. Ал кәсіпорындар тіпті жай ғана жалақысын төлей алмаса бүкіл экономикасына зардап шегетіні бәріне мәлім. Осы санкциялардың әсерін жақында белгілі экономист Сергей Гуриев жақсылап баяндап берді.
Үшінші санкция пакеті бұл эмбарго. Мұнай мен газ эмбаргосы дегеніміз Ресей толығымен экономикасыз қалды деген сөз. Бұл санкцияны соғыстың алдында бір саламыз деп бірқатар америкалық саясаткерлер айтқанды мыс.
Сол себептен Ресей Украинаға соғыс аша алмас. Демек қорқыта алады. Оған баяғы сол еуропа елдерінің басшылары дірілдеп тұрып сенсе, АҚШ-қа әсер келтірмес.
Негізі Америка сөз жоқ соңғы жылдары Украинаны керемет етіп қаруландырды: танктерге қарсы Javelin қаруын берді, тегін түрде жаңадан су кемелері мен ұшақтары, түріктер байрактарын берді. Украина енді 2014 жылдағыдай осал емес, тойтарым бере алады.
Ал Путинмен Байден кездеспесе, орыстар әскерін қайтарса, онда Ресей жеңілді деп айтуға болады. Көре жатармыз. 

ДәуренДәурен
3 жыл бұрын 2130
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11