Тілді ықшамдау не үшін керек?
Тілді ықшамдау не үшін керек?

Тіл қаншалық ықшам болса, соншалық қолдануға тартымды болмақ. Қазақ тілі бизнестің, ресми коммуникацияның, күнделікті қарым-қатынастың тіліне айналсын десек, біз мейлінше оны ықшамдауымыз керек. Тіл мамандары тілдегі конструкцияларды қысқарту мен стандарттау, тілді бүгінгі күнге актуал етумен айналысқаны жөн. Іргелі тіл білімінің қажеттігі дау тудырмайды. Алайда күнделікті өмірде жиі кездесетін конструкцияларды көпшілікке тартымды етпей, тілді кең қолданысқа енгізгу мүмкін емес. Сол себепті лингвистер “бұл біздің айналысатын мәселе емес” деген ұстанымнан кетіп, “майда-шүйде” сияқты көрінетін мәселелерге назарын бұрса екен.

Ол қандай мәселелер? Мәселен, қарапайым мекен-жайды жазуды алайық. Қазір Қазақстан осыдан бірнеше жыл бұрын енгізілген 7 символды пошта индекстерін қолданды. Ол сандар мен әріптерден тұрады. Ескі индекс тек сандардан тұратын 6 таңбалы еді. “Ұлы реформаторлардың” индекске қосышма бір символ қосқаны аздай, оны әріптермен “байытып”, индексті одан бетер күрделендірді.

Білгіштер 7 символды әріп пен сан аралас индексті қолдану Royal Mail тәжірибесінен алынған деседі. Жаңа индекстегі алғашқы әріп өңірді білдіреді және оны көлік құралдарына берілген тіркеу белгісімен сәйкес болсын деген оймен таңдаған. Сөйткен кезде, мемлекеттік тіркеу белгісінде өңірлерді әріппен белгілмейтін болды.

Енді мекен-жайды толық жазуға келсек. Өкінішке қарай, Қазпошта сайтынан мекен-жайды рәсімдеуге байланысты нақты стандартты таба алмадым. Қазпошта Алматы қаласын Алматы облысына жатқызып қойғанын көргенде, олардан үміт шамалы екенін түсіндім. Білуімше, мекен-жай былайша жазылады:
Пәленше Түгенше, Тарихта-болмаған батыр даңғылы, 13 үй, 35 пәтер, Алматы, A15P4T4 (11 сөз, 71 символ).

Бізге сабақ берген бір америкалық профессор үнемі былай дейтін: There is no reason to make things complicated (заттарды күрделендірудің еш мәні жоқ). Мекен-жайды жазуды да күрделендірудің еш қажетін көріп тұрған жоқпын. Америкалықтар мейілінше қысқа жазуға тырысады. Ағылшын тілі әбден стандартталған және төселген десем ешкімге жаңалық ашпаймын. Сол себепті янкилердің тәжірибесін “смело” көшіре беру керек. Әлгі мекен-жайды АҚШ-ша жазып көрейік:
Пәленше Түгенше, 13 Тарихта-болмаған батыр даңғылы, 35 П, Алматы, 05000 (10 сөз, 62 символ).

Америкалық тәсілмен жазғанда мекен-жайымыз 1 сөзге, 9 символға қысқарды. Бұл Алматы қаласына байланысты. Енді ауылдағы мекен-жайды өзіміздің стандартпен жазып көрейік:
Пәленше Түгенше, Руымыздың батыры көшесі, 25 үй, Түгенше би ауылы, Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы, H16K3T1 (15 сөз, 90 символ).
Америкалық стандартқа салсақ:
Пәленше Түгенше, 25 Руымыздың батыры, 25 Ү, Түгенше би АЛ, ЖА, ЖЛ, 08000 (13 сөз, 60 символ).

АҚШ-тың индекстері 5 таңбалы және тек сандардан тұрады. 330 миллионға жуық халқы бар, территориясы Қазақстаннан 3,5 есе көп АҚШ-тың мекен-жайлары 5 таңбалы индекске сыйып тұрғанда, 7 символды индексті таңдауымызға еш қисын таппай отырмын. Сомен қатар, мекен-жайды көрсетуде аббервиатурларды кеңінен қолданатын АҚШ-та хаттар өз адресаттарына адасусыз жетіп жатыр. Біз де аббервиатурларды қолдансақ, хаттарымыз адресатын таппай қалмайтын шығар.

PS. Осы сияқты стандарттау мен ықшамдауға мұқтаж сөздер/сөз тіркестері жетерлік. Мысалы, “от себя” мен “на себя”-ның қазақшасының сан алуан нұсқасын көрдім. Жиі қолданылатын сөздерді стандарттап, қажет жерінде аббервиатуралап тастау керек сияқты.

Нұрбек Матжани

Abai.kz

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 2503
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11