АҚШ-тың Йель университетінің ғалымдары ағзаның инсулинге сезімталдығын реттейтін бета-Klotho ақуызының үш өлшемді құрылымын ашты. Бұл зерттеу туралы tengrinews.kz порталы EurekAlert! сайтына сілтеме жасай отырып жарияланған. Зерттеу қорытыныдысы бұл ақуыздың белсенділігі адамның өмірін ұзарта алатынын көрсетті. Klotho ақуыздары жасуша мембранасын орап тұрады және белгі беруші фибробласттар өсімінің факторы (FGF) аталатын молекулалармен байланысып тұрады. Өз кезегінде өсім факторлары көптеген жасушалар мен тіндердің пролиферация және дифференциясына қатысады. Klotho ақуыздарының түрлері ашығу кезінде бөлінетін FGF21 немесе FGF23 факторларымен қосылады. Соңында GF21-Klotho кешені инсулинге сезімталдықты реттеп, глюкозаның сіңуіне септеседі. Ғалымдардың сөзінше, Klotho белсенділігінің артуы тамақтануды өзгертпей-ақ калорияны тарқатуды күшейтеді. Ақуыздың жұмысына түрткі болатын дәрмектер семіздікпен қатар, инсулинге тәуелсіз емес қант диабетімен күресуге де көмектеседі. Сонымен қатар, бұл қосынды қартаюға қарсы әсері болғандықтан, өмір жасын ұзартуға да септеспек.
Ұзақ жасауға көмектесетін жеңіл жол табылды
|
0 пікір
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.