ВАТИКАНДАҒЫ ХИДЖАП
ВАТИКАНДАҒЫ ХИДЖАП

Біздің елімізде әйелдердің хиджап киюіне, қара киіммен бүркенуіне қарсы күрес жүріп жатқалы қашан? Мектептерде, жоғары оқу орындарында әбүйірлі жерлерін бүркеген мұсылман қыздар мен әйелдер жолатылмайды. Бастықтар үлкен бастықтарға, үлкен бастықтар министрлерге, олар нұсқаулықтар мен бұйрықтарға сілтеме жасап жатады. Қысқасы, тыйым салынған! Өзінің құқығын қорғаған қыздарымыз бен келіндеріміз үлкен «скандалға» ұшырайды. 

Ал енді мынаған назар аударыңыз. Қазақстан елшісі Жанар Айтжанова ханым 19-мамырда Ватиканда Рим папасы Францискке сенім грамотасын табыстағанда қандай киім кигенін қараңыз. Ол көшеде жүрген әйел емес, ресми елші. Ватикан тарапының протоколы бойынша қара киім (хиджап) киіп, өзін жарасымды да әдемі ұстап тұр. 

Ал біздегі дін саласындағы асыра сілтеуші шенеуніктер, әсіресе дін істер министрі қазақстандық әйелдердің осылай киінуіне неге үзілді-кесілді қарсы? Қысқа балақ, сақал қою, хиджап кию, абыройын қорғау бойынша тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр деп естиміз.

Сонда қалай, қарапайым адамдардың ұстанған дінінің талабы бойынша киінуіне болмайды да, жоғары қызметтегілерге бола ма? Әлде біздің әйелдеріміздің хиджап киюіне Понтификтің рұқсаты керек пе? Заң алдында адамдардың бәрі бірдей ғой. Билік осыны түсінетін уақыт жетті. Хиджаппен күресудің қаншама ақылға қонымсыз екендігін дәлелдеп берген Жанар ханымға алғыстан басқа не айтарсың мұндайда!

Марат Тоқашбаевтың Фейсбуктегі жазбасынан

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 3399
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11