Мектепте оқытылмайтын, бірақ оқытылу керек пәндер
Мектеп қабырғасында ғылыми және гуманитарлық бағыттан да басқа түрлі пән оқытылады. Мәселен «Өзін-өзі тану» сынды пән осы қатарға жатады. Мектеп – білім беруші ортаның ең алғашқы сатысы және қаланып жатқан үйдің ең бірінші кірпіші секілді. Алғаш құйған әрбір кірпішіңіз қаншылықты шыдамды әрі берік болса, білімнің де деңгейі сондай болмақ. Дегенмен мектеп қабырғасында қазіргі заманға сай төмендегі философиялық мәнге ие сабақтар оқытылмайды, бірақ оқытылуды талап етеді. Қаржы (ақшаны қалай жинау керек) Мектеп қабырғасынан бастап оқушы үлкен өмірге дайын болу үшін, теңгенің тиыннан екенін...