Қазақ дәрігері 5 айлық баланың бауырын ауыстырып, шетелге танымал болды (ВИДЕО)
Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына іліккен. Олар бұл туралы жаңалықты жарыса жазды. Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері, трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылып үлгерген. Жас маман туралы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz. 31 жастағы Рахымжан Үмбетжанов Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық емхананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог болып жұмыс істейді. Алматы қаласындағы...